БастыТехнологияЭкономика
Trending

Қазақстанның ірі қалаларында жүргізушісіз таксилер қызметі іске қосылады

Қазақстан қалалық мобильдік пен логистика бағытында заманауи технологияларды енгізудің жаңа кезеңіне қадам басты.

Еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мақсатында Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз басқарылатын такси жобаларын сынақтан өткізу жоспарлануда. Бұл туралы TuraNews.kz порталы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, аталған бастама жай ғана технологиялық жаңалық емес, еліміздің цифрлық экономикасының мүлдем жаңа сегментін қалыптастыратын стратегиялық жоба болып табылады. Мұндай қадамды ұзақ мерзімді перспективада жүзеге асыру көлік саласындағы шығындарды оңтайландыруға және мемлекет бюджетіне қосымша табыс әкелуге жол ашады.

 

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

TuraNews (@turanews.life)’in paylaştığı bir gönderi

TuraNews

Back to top button