Қазақстанның «Дүниежүзілік баспасөз бостандығы» рейтингіндегі позициясы жақсартылмақ
Қазақстанның Дүниежүзілік баспасөз бостандығы рейтингіндегі позициясын жақсарту жоспарланып отыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасына қосымша консультативтік құжатында жазылған, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интернеттегі жарнама мен онлайн платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеуді ұсынды. Өйткені, қазіргі заңнама талаптары құқық аясында жұмыс істейтін кәсіби журналистер мен реттелмейтін онлайн платформалар арасындағы бәсекелестікте тең мүмкіндік бермейді.
Сондықтан, қабылдануы мүмкін заң аталған мәселелерді шешуде басты құрал ретінде қолданылады. Сондай-ақ, оның шеңберінде еліміздегі БАҚ-тың әлемдік рейтингідегі позициясын жақсарту жоспарланған.
«Шекарасыз репортерлер» халықаралық үкіметтік емес ұйымы қалыптастыратын Дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексінде Қазақстан Республикасын бір позицияға ілгерілету көзделген. Атап айтқанда, Қазақстан 2022 жылы рейтингіде 122-орында болды», — делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта.