Спорт

Қазақстанның боксшы қыздары Мароккода 5 алтын медаль жеңіп алды

Марокко елінде бокстан өтіп жатқан «GOLDEN BELT SERIES MARRAKESH 2023» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды Turanews.kz.

Алтын медаль

48 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова финалда тайпейлік Лью Чен-Лингтті,

57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ресейлік Людмила Воронтцованы,

54 келі салмақтағы Жайна Шекербекова италиялық Алеан Савчукты,

50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны,

75 келі салмақтағы Валентина Хальзова бразилиялық Вивиане Пирейраны жеңді.

Күміс медаль

Аида Әбікеева (63 кг),

Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).

Қола медаль

Надежда Рябец (66 кг),

Мадина Нұршаева (70 кг)

Фариза Шолтай (81 кг).

TuraNews

Back to top button