ӘлемБастыСпорт

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 250 турнирінде топ жарды

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.

Германияда өткен Hamburg Open жарысында ресейлік Александра Пановамен жұп болып өнер көрсеткен қазақ теннишісі чемпиондық атақ үшін таласта чехиялық- америкалық Мириам Колодзиэева — Анжела Куликова дуэтін 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл — отандасымыздың WTA санатындағы бесінші титулы. Бұған дейін Анна Данилина Сиднейде (WTA 500), Варшавада (WTA 250), Гданьскде (WTA 250) және Парижде (WTA 125) өткен жарыстарда чемпион атанған болатын.

TuraNews

Back to top button