БастыҚоғам

Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Cиноптиктер Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады. 

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 26 қаңтарда Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с, күндіз кей кезде — 23 м/с.

Алматыда таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Қонаевта тұман түседі.

Шымкентте түнде қатты қар араласа жаңбыр жаууы ықтимал. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндіз Абай облысында  бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қалың қар жауады. Көктайғақ, боран күтілуде. Облыстың оңтүстік-батысы мен солтүстік-батысынан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с, облыстың шығысынан соғатын желдің екіпіні — 23-28 м/с. Көкшетауда қарлы боран болады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында көктайғақ күтіледі. Қаңтардың 26-нан 27-сіне қараған түні оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қарлы боран соғады. 26-28 қаңтарда оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. 26-28 қаңтарда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарынан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с, кей жерлерде — 23 м/с. Таразда 27-28 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. 26 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел (15-20 м/с) түнде күшейеді.

26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Қарағанды ​​облысының солтүстігінде қарлы боран соғады. Жел оңтүстіктен, облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні  — 18 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінен, оңтүстік-шығысынан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с. Ақтауда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігі мен батысында соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қалың қар жауады. Аймақтың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысынан, оңтүстігінен, шығысынан, солтүстік-шығысынан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда қарлы боран болады.

26 қаңтарда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыс орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Облыстың тау асуларында қар жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың таулы асуларында шығыстан соғатын желдің күші — 15-20 м/с. Түркістанда кей жерлерде тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде қарлы боран болады. Түнде Жезқазғанда қарлы боран күтіледі.

TuraNews

Back to top button