Қазақстанның 13 фильмі халықаралық киножүлдеге үміткер болады
2024 жылдың 29 қарашасында Индонезияның Джокьякарта қаласында өтетін Alternativa Film Awards халықаралық киножүлдесіне Қазақстаннан шыққан 13 фильм жүлде үшін күресіп, бақ сынайды.
Биылғы жылы жүлде қоры $100 000 құрайды. Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында ең көп өтінім берген ел болды. Марапаттау рәсімі Индонезияның мәдени орталығы Джокьякарта қаласында өтеді.
Alternativa Film Awards by inDrive — түрлі елдердің киноиндустрия мамандарының танылуына және өзара тәжірибе алмасуына арналған халықаралық бастама. Ол қоғамға оң әлеуметтік өзгерістер әкеле алатын және кең аудиторияға бағытталған фильмдерді танылуына мүмкіндік береді.
Биыл байқауға қатысушылар саны жағынан рекорд орнады: 33 елден 1043 өтінім, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Оның ішінде 680 өтінім премия талаптарына сай деп танылды. Орталық Азиядан 21 фильм іріктеуден өтті: Қазақстаннан 13 фильм, Қырғызстаннан 6, Өзбекстан мен Тәжікстаннан бір-бірден.
Alternativa Film Awards іріктеу комитетінде киноиндустрия әлемінің түкпір-түкпірінен келген 24 сарапшы бар, олар қазан айының ортасында номинанттар тізімін ұсынады. Жеңімпаздарды Азия мен басқа аймақтардан келген режиссерлер мен продюсерлер, сондай-ақ қауымдастық көшбасшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін халықаралық қазылар алқасы таңдайды.
Alternativa Film Project басшысы Лиза Сурганова: «Біз премияның екінші жылында өтінімдердің осынша көп түскеніне өте қуаныштымыз. Бұл жобаға кино қауымдастығының, әсіресе Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядан аса қызығушылық танытқанын көрсетеді. Биылғы марапаттау рәсімін фестивальдік көрсетілімдер толықтырады, бұл кинематографистер мен олардың фильмдерін көрермендерге жеткізуге және бәрімізді толғандыратын мәселелер бойынша қоғамдық пікірталастарды бастауға арналған», – деп атап өтті.
Фестиваль бағдарламасында 22-28 қараша аралығында номинант фильмдердің ашық көрсетілімдері, фильмдерде көтерілген өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша пікірталастар, сондай-ақ 27-28 қарашада өтетін кино мамандарына арналған кәсіби іс-шаралар сериясы бар.
Жүлде қоры $100 000 құрайды. Толықметражды фильмдер санатындағы төрт жеңімпаздың әрқайсысына $20 000, ал Shorts Award номинациясының екі жеңімпазына $10 000-дан беріледі. Қаржы фильмдердің импакт-кампанияларына немесе фильм шығарушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға жұмсалуы мүмкін.
Орталық Азия елдері арасында Қазақстанның байқауға белсенді қатысуы отандық кинематографияның әлеуметтік маңызы бар фильмдер өндіріп, халықаралық деңгейде маңызды қоғамдық мәселелерге назар аударта алатын әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетейік, өткен жылы Alternativa Film Awards халықаралық киножүлдесі Алматыда өткен болатын.
Alternativa Film Awards және Festival — 2023 жылы ғаламдық технологиялық компания inDrive іске қосқан Alternativa Film Project халықаралық коммерциялық емес жобасының бір бөлігі. Жоба дамып келе жатқан киноиндустриялардағы кинематографистерді қолдау және дамыту үшін құрылған. Премиядан басқа, бүгінгі күнгі негізгі бастамаларының қатарында кинематографистерге арналған тегін Alternativa Film Labs оқу бағдарламалары, сондай-ақ ашық импакт-көрсетілімдер мен Alternativa Film Screenings пікірталастары бар.
inDrive — 46 елде, 750 қалада көлік және тұрмыстық қызметтер көрсететін халықаралық технологиялық компания. inDrive қосымшасы 200 миллионнан астам рет жүктелді және 2022, 2023 жылдары жүктеу саны бойынша екінші көлік қосымшасы атанды. Әлеуметтік әділетсіздікпен күресу миссиясын басшылыққа ала отырып, компания 2030 жылға қарай бір миллиард адамның өмірін жақсартуға үлес қосудыі мақсат етеді. Бұл мақсат жергілікті қауымдастықтарды әділ баға бекіту моделі арқылы қолдайтын негізгі бизнес арқылы жүзеге асады, сондай-ақ компанияның коммерциялық емес бөлімшесі inVision-ның жұмысы арқылы да іске асырылады. InVision бағдарламалары білім беру, спорт, өнер, ғылым, гендерлік теңдік және басқа да әлеуметтік маңызды салаларды дамытуға көмектеседі.