Қазақстаннан Анкараға тікелей рейс
Ақтау және Шымкент қалаларынан Анкараға рейстер ашылады деп жоспарланды.
Қазақстан жаңа халықаралық рейстерді бастайды, деп хабарлайды TRT агенттігі.
2023 жылдың көктемгі-жазғы ұшу кезеңінде Ақтау және Шымкент қалаларынан Анкараға рейстер ашылады деп жоспарланды.
Қазақстан «ашық аспан» режимін 5 жылға дейін созды.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті рейстердің пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін хабарлады. Сондай-ақ комитет 2023 жылы жаңа халықаралық рейстер ашылатынын мәлімдеді.
Жаңа бағыттар аясында Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Астанадан Дохаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады деп жоспарланды.
Сонымен қатар Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Стамбулға, Астана мен Алматыдан Анталияға рейстерді арттыру жоспарлануда.
Сондай-ақ шетелдік әуе компаниялары келесі жылы Куала-Лумпурдан Алматыға, Бангкоктан Алматыға, Алматыдан Токио мен Тель-Авивке рейс ашады.
Қазақстаннан эпидемиядан кейін аптасына 477 рейс жиілігімен 30 елге халықаралық рейстер қайта іске қосылды.