Бүгін Астанаға Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді.
«Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



