Басты
Қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге 2,8 миллион доллардан астам ақша жинады

Қазақстандықтар Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге үш миллион долларға жуық қаржы жинады. Бұл туралы Түркия Республикасының елшілігі хабарлады.
«Қазақстанда кейінгі 3 күнде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған бір миллион доллардан астам қаражат AFAD-тың ресми шотына аударылды. Осылайша қайырымдылықтан жиналған жалпы сома 2,8 миллион доллар болды», — деп хабарлады елшілік мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Қазақстан Түркияға 28 генератор жіберді.
Бір ғана Астанадан 8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілген.
Bu gönderiyi Instagram’da gör