Спорт
Қазақстандықтар параканоэден Азия чемпионатында 10 медаль алды

Қазақстандықтар Самарқанда параканоэден өткен Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті.
«Ұлттық құрама Самарқан (Өзбекстан) қаласындағы Азия чемпионатын 3 алтын,
4 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады», — деп жазылған мәліметте.
Алтын медаль иегерлері: Бибарыс Спатай — (KL2/500м), (KL2/200м), Жаңыл Балтабаева — (VL3/200м).
Күміс медаль иегерлері: Жаңыл Балтабаева — (VL3/500м), Максим Богатырев — (KL1/ 200м),
Жалғас Тайкенов — (KL3/500м), (KL3/200м).
Қола медаль иегерлері: Максим Богатырев — (VL1/200м), Жаңыл Балтабаева — (KL3/200м), (KL3/500м).