Қазақстандықтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
2022 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР қол қойды. Алайда заң 30 желтоқсан күні жарияланды. Аталған заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң әрекет ете бастайды. Бұл дегеніңіз, қарыздары бар, сол қарыздарын өтей алмайтын азаматтардың 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алатынын білдіреді.
Банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін мақсаттайды, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы болмайды.
Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі өтініш бере алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқы жоқ.
- 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерін алуды қоспағанда );
- қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
- банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.
Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы толыққанды ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Сонымен қатар бұған дейін билік өкілдері егер адамдар банкрот болса, қарызы кешіріледі деген қате түсінік екенін айтты.