БастыСпорт

Қазақстандық Вадим Куралес қысқы Универсиаданың чемпионы атанды

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Вадим 15 шақырымдық жарыста мәреге бірінші болып жетті. Ол нысана көздеу барысында бір рет қателескен.

Спортшының қорытынды уақыт көрсеткіші – 42:37.4.

Күмісті Норвегия, қоланы Франция биатлоншылары иеленген.

Айта кетелік, бұл Қазақстан қоржынындағы алғашқы медаль.

TuraNews

Back to top button