Қазақстандық теннисші Испаниядағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 155-ракеткасы Тимофей Скатов Испанияның Жирона қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингте 172-орында тұрған франциялық Лорен Локолиді 6:3, 6:2 есебімен ұтты.
Содан кейін екінші айналымда әлемнің 214-ракеткасы, сербиялық Мильян Зекичті жолдан тайдырды – 6:0, 6:4.
Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін рейтингте 241-сатыдағы ресейлік Иван Гаховпен таласады.
Қазақстандық, әлемнің 343-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Францияның Лилль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде аса тартысты бәсекеде 18 эйс жасағанымен, рейтингтегі 99-орындағы аустралиялық Макс Перселге есе жіберді – 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7).