Спорт
Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-мен келісімге келді
26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырып, әлемнің үздік лигасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін болады.
Жуық арада қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады. Бекзат OCTAGON-дағы барлық айқасын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Алмаханның еншісінде тоғыз жеңіс бар, ММА-дегі рекорды – 17-1.
Біз соңғы тоғыз айда OCTAGON-дағы екінші спортшымыздың UFC-мен келісімге келгенін мақтан тұтамыз. Бұл OCTAGON-ның Орталық Азия өкілдері үшін нағыз арман орындалатын алаңға айналғанын дәлелдейді, — делінген жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бекзат та Азат Мақсұм секілді отандық танымал маман Дәнеш Дүнгебаевтың қарамағында жаттығады.