БастыСпорт

Қазақстандық таеквондошылар Түркияда үш медаль жеңіп алды

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысы аяқталды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды.

Алғашқы жарыс күні Жансель Дениз (73 кг) финалда қарсыласқа жол берген. Ал бүгін Самирхон Абабакиров (73 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекені қоса алғанда турнирге 60 мемлекеттен 1900-ге жуық татами шебері жиналды.

Source
BasSport.kz

TuraNews

Back to top button