Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Алматыда өткен әлем кубогы кезеңінде сүйіктісіне ұсыныс жасады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Денис Никиша бүгін 500 метрге жүгіру сынында әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған болатын. Спортшы осы жеңісін өміріндегі ең маңызды сәттердің бірімен байланыстырды. Ал чемпионның сүйіктісі “Иә” деп жауап берді.