Басты
Қазақстандық сейсмологтер Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 3:55-те жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 456 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.1. MPV магнитудасы — 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,31°с.е. 82,36° ш. б. Тереңдігі — 5 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.