Әлем
Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

Тәжікстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты.
Жерасты дүмпулерін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 13 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 09:34-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 845 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,2. магнитудасы MPV 5,0», делінген хабарламада.