Әлем

Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда екі жер сілкінісін тіркеді

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Ауғанстанда екі рет жер сілкінісін тіркеді.

Сағат 15:47-де тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,7. Магнитудасы – MPV 5.2.

Сағат 21:22-де тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 890 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы – MPV 4.9.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button