ТехнологияЭкономика

Қазақстандық майнерлер газдың құнын ірі тұтынушылар ретінде төлеуге міндеттелмек

Елімізде майнерлер тауарлық газдың құнын ірі тұтынушылар ретінде төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Энергетика министрлігінің бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, жаңа редакцияда ірі тұтынушылар қатарына цифрлық майнингті жүзеге асыратын ұйымдар енгізілген.

«Өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар, электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін тауарлық газды өнім берушілерден Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарттар негізінде сатып алады. Жоғарыда аталғандар үшін тауарлық газды пайдаланудың бөлек есебі жүргізіледі»», — делінген құжатта.

Айта кетейік, қолданыстағы талап бойынша ірі тұтынушыларға өнеркәсіптер, инвесторлар мен электр станцияларының тізіміне енген заңды тұлғалар ғана жатады.

Бұйрық 20 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.

TuraNews

Back to top button