БастыҚоғамТуризм

Қазақстандық лоукостер Атыраудан Ташкентке тікелей рейс ашылды

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Атырау–Ташкент–Атырау бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе қатынасын іске қосты.

15 шілде күні алғашқы ұшақ 139 жолаушымен Ташкент халықаралық әуежайына қонып, авиациялық дәстүр бойынша су аркасы арқылы салтанатты түрде қарсы алынды.

Әуе компания президенті Ричард Лежердің айтуынша, бұл жаңа рейс FlyArystan-ның халықаралық бағыттар желісін кеңейтумен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік байланысын нығайтудың маңызды қадамы болып отыр.

«Астана–Ташкент бағытына қосымша ретінде ашылған бұл рейс Қазақстанның батыс өңірі мен Өзбекстан арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, екі ел арасындағы іскерлік, мәдени және туристік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді», — деді ол.

  • Шілде және тамыз айларында рейстер бейсенбі және жексенбі күндері, қыркүйек пен қазан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады,
  • Ұшу уақыты — 2 сағат 20 минут,
  • рейстер заманауи Airbus A320 ұшағымен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, FlyArystan 2019 жылы құрылған және Air Astana әуе компаниялар тобына кіретін Қазақстанның алғашқы лоукостер компаниясы. Қысқа уақыт ішінде ол Орта Азия мен ТМД елдері арасында қолжетімді әрі сенімді әуе тасымалының үлгісіне айналды.

 

TuraNews

Back to top button