Қазақстандық компаниялар Бакуде 55 млн доллар сомасына экспорттық келісімшарттар
4-6 сәуірінде Баку қаласында өткен сауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойынша қазақстандық компаниялар 55 млн доллар сомасына экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл туралы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығына» сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Отандық бизнес өкілдері үшін екі елдің ұлттық компаниялары мен іскер топтарының қатысуымен В2В форматында екіжақты келіссөздер, Әзербайжанның ірі сауда желілерімен және дистрибьюторларымен кездесулер ұйымдастырылды.
Жиында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев атап өткендей, В2В кездесулер Қазақстанның басқа елдермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік береді.
«Қазақстандық кәсіпкерлерді Әзербайжан нарығы қызықтырады. Бірақ біздің өзара сауда әлеуетіміз тіпті жартылай пайдаланылмайды. Бұл Әзербайжан нарығында қазақстандық тауарларға және Қазақстанда Әзірбайжан тауарларына сұраныс бар екендігіне қарамастан. Біз үшінші елдердің нарықтарын бірге игере аламыз. Сонымен қатар біздің аумақтарымыз арқылы маңызды халықаралық көлік дәліздері өтіп жатыр», — деді Қайрат Төребаев.
Әзербайжан тарапынан сауда миссиясы алаңында АР шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің, Әзірбайжан Республикасының AZPROMO экспортты және инвестицияларды ынталандыру агенттігінің және басқа да ірі компаниялардың топ-менеджмент өкілдері сөз сөйледі.
Бакудегі сауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойынша әзірбайжандық контрпартнерлермен аккумуляторларды, табақты болатты, азық-түлікті жеткізуге арналған уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бакуде жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы қазірдің өзінде 55 миллион долларды құрады.