Қазақстандық жас теннисші Түркиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық жас теннисші Татьяна Николенко Анталия (Түркия) ITF турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
WTA рейтингісіне әзірге ене қоймаған 19 жастағы Т.Николенко алғашқы айналымда әлемнің 1175-ракеткасы, түркиялық Дога Түркменді 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Татьяна екінші айналымда әлемнің 577-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, жапониялық Маюка Айкавамен шеберлік байқасып, азулы қарсыласынан 6:1, 4:6, 7:6 (9:7) есебімен басым түсті.
Осылайша, күтпеген жеңіске қол жеткізген Татьяна Николенко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 805-інші, доданың 6-ракеткасы, швециялық Лиза Заармен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарысты сәтті өткізіп жатырғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық 10 теннисші әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.