Спорт
Қазақстандық жас теннисші Азия теннис федерациясы рейтингісінде көш бастады
Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді.
15 жасар теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді, деп жазады Қазақстан Теннис Федерациясының баспасөз қызметі.
Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.