Турнир кестесінде соңғы орында тұрған «Адана Демирспор» ыстанбұлдық «Бешікташпен» кездесті. Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов матчты негізгі құрамда бастады, деп жазады prosports.kz сайты.
Матчың 31-минутында алаң иелерінің шабуылшысы, нидерландтық Юсуф Бараси есеп ашқан болатын. 39-минутта Абат Айымбетов гол соғып, есепті еселеді. Бұл қазақстандық шабуылшының чемпионаттағы қатарынан екінші матчтағы еголы болды. Ойынның 82-минутында Абаттың орнына алаңға швейцариялық Флоран Шеху шықты.
72-минутта «Бешікташтың» ливиялық футболшысы Әл-Мусрати есепті 2:1 қылды.
Тағы бір қазақстандық футболшы, түркиялық «Бешікташ» сапында өнер көрсететін Бақтиер Зайнутдинов ойынды қосалқы құрамнан бастады. Ол алаңға 46-минутта Артур Масуакудың орнына шықты.
Кездесу 2:1 есебімен «Адана Демирспордың» пайдасына аяқталды. Осылайша «Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының осы маусымында алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, бес ұпаймен соңғы, 19-орында тұр. «Бешікташ» 25 ұпаймен алтыншы орында келеді.
Бұған дейін «Адана Демирспор» 14 ойында екі ұпай ғана жинаған еді.