Қазақстандық «Ағайындылар» фильмі Германияда жүлдеге ие болды
Дархан Төлегеновтың «Ағайындылар» атты дебюттік картинасы немістің Ольденбургтегі беделді кинофорумында «Spirit of Cinema» арнайы жүлдесін жеңіп алды. Айта кетейік, фильм еуропалық «Сандэнс» деп аталып кеткен әлемдегі жетекші фестивальде ұсынылған алғашқы Қазақстандық таспа болды. Картинада балалар үйінің түлегі өмірінің драмалық тарихы баяндалады. Кейін ол інісін кездестіреді. Одан кейін ағайындылар отбасын табуға үміттеніп, әкесін іздей бастайды.
Дархан Төлегенов, «Ағайындылар» фильмінің режиссері:
– Бұл фильм туысқандық қарым-қатынас, махаббат туралы. Осыны негізге ала отырып, мен бір-бірін мүлдем білмей өскен екі адамның қандық байланысының мықтылығын көрсеткім келді. Мен бауырластық тақырыбын көбірек зерттегім келеді. Мен үшін фильмдерімде отбасы тақырыбы өте маңызды және ол барлық уақытта өзекті болып қала береді. Сондықтан туысқандық қатынас туралы фильдерді зерттеп, оны түрлі оқиға желісімен беруге болады.
«Ағайындылар» фильмі АҚШ, Канада, Ресей және Албаниядағы кинофестивальдердің ресми бағдарламаларына енген. Картина келесі жылдың басында отандық прокатқа шығады.