Мәдениет

Қазақстандық актерлер Венеция кинофестивалінде Premio bisato d’oro 2022 жүлдесін алды

79-шы халықаралық Венеция кинофестивалінде қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Голиаф» фильмі «Италияның тәуелсіз кино сыншылары» арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Қазақфильм.

Premio bisato d’oro 2022 «Үздік актер» жүлдесі, Берік Айтжанов пен Данияр Алшыновқа берілді.

Еске салайық, режиссёр Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» көркем фильмі Лидо аралында 31 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтіп жатқан 79-шы Венеция халықаралық кинофестивалінің «Orizzonti Extra» (Жаңа көкжиектер) конкурстық бағдарламасына енгізілген болатын.

Фильмде басты рөлдерді қазақстандық танымал актерлар сомдаған: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Еркен Ғұбашев. Фильмде сонымен қатар ресейлік актер Дмитрий Чеботарев пен Александра Ревенко фильмде рөл алды.

Orizzonti Extra бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен режиссерлердің жаңа есімдерін ашқан, әлемдік кинематографияның негізгі тенденцияларын көрсетеді.

Кинофестиваль барысында түрлі жанр мен форматтағы жобаларды көрермендер қазылар алқасы бағалады.

 

TuraNews

Back to top button