Бұл тек магистратура мен докторантура бағытына ұсынылатын жеңілдік. Бұған қоса, талапкерлердің тілдік дайындығын күшейту үшін отандық 8 университет 200 орын бөледі. Ғылым және жоғары білім министрінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Сонымен қатар шетел азаматтарына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жалпы саны 50 грант ұсынады. Ал Түрік Республикасы мен өзге түркітілдес елдердің талапкерлеріне Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қабырғасында білім алуүшін тағы 200 грант берілуі мүмкін. Бейінді ведомствоның бұйрық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады.