БастыҚоғамТехнология

Қазақстанда Youtube Premium қосылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Пайдаланушылар мен контент жасаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Google компаниясының Youtube Premium сервисін Қазақстанда іске қосқаны туралы мәлім етті. 

Бұл оқиға елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы және оны жаһандық желіге біріктірудегі елеулі қадамды білдіреді.

️Өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабындағы өз жұмыс сапары барысында Бағдат Мусин Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен Қазақстанда сервистің іске қосылуын талқылады.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде.

TuraNews

Back to top button