Саясат

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Қазақстан Үкіметі "Қазгидрогеология "Ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" 2024 жылғы 23 сәуірдегі қаулыға қол қойды.

«Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», — делінген құжатта.

КЕАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелері саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер құру болып айқындалды.

КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК балансында тұрған республикалық мүлік есебінен белгіленді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Source
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button