БастыДенсаулық

Қазақстанда трамадол есірткі заттарының тізіміне қосылды

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті елімізде трамадолдың есірткі заттарының тізіміне қосылғанын мәлімдеді деп хабарлайды Turanews.kz.

Заңдағы өзгерістерге трамадол препараты да кірді. Енді оны арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады.

«Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тізбесін, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың жіктелуі жөніндегі жиынтық кестені бекіту туралы» Үкіметтің № 470 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ұсақ, ірі және аса ірі көлемдегі заңсыз айналымда табылған аналогтар мен прекурсорлар, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі атомдарының, галогендердің немесе гидроксил топтары есірткі заттары тізбесіне кіреді», — делінген хабарламада.

Комитет дәрі-дәрмекті лицензиясыз сатқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

TuraNews

Back to top button