Спорт
Қазақстанда тағы бір жекеменшік клуб пайда болады
Жақын арада «Туран» футбол клубы меншік түрін өзгертуі мүмкін.
Түркістан облысының әкімі «Туран» клубының жақын арада меншік түрін өзгертуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Sports24.kz.
Түркістан облысының әкімі Нұралыхан Көшеровтың айтуынша, клуб жақын уақытта сатылымға шығарылып, жекеменшік қолға өтуі ықтимал.
«Туран» өте жақында жекеменшік қолға өтеді. Бізде әлеуетті инвестор бар, қазір келіссөздер жүргізілуде. Жақын арада клубты сатылымға қоямыз», — деп келтіреді Көшеровтың сөзін Amanvibe.kz.
Айта кетейік, маусым қорытындысы бойынша «Туран» ҚПЛ-да соңғы орын алып, төменгі лигаға түсіп қалды.



