Қазақстанда тағы 2 спутниктік интернет операторы пайда болады
Елімізде спутниктік интернет қызметін үш оператор көрсетеді.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев спутниктік интернет операторларына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
«Шалғай елдімекендерді интернетпен қамту мәселесі спутниктік байланыс жобалары арқылы шешіліп жатыр. Қазақстанда спутниктік интернет қызметін көрсететін үш оператор бар. Жақын арада тағы екі шетелдік компания нарыққа кіреді. Олар бойынша пилоттық сынақтарды биыл өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, биыл «Қазақстан Темір Жолы» пойыздары мен Air Astana әуе компаниясының ұшақтарында спутниктік интернет қолжетімді болады», – деді Жаслан Мәдиев.
Оның айтуынша, әкімдіктер байланыс жоқ аумақтарда туристік жерлерді спутниктік интернетпен қамтуды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етуі тиіс.



