ҚР Энергетика министрлігі шетел азаматтары үшін бензин мен дизель отынының бағасын өзгертуді ұсынды.
Шетелдіктер үшін дизель отынының бағасы литріне 315 теңге болады деп болжануда. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді.
Ішкі нарықта отын балансын сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағындары мен «сұр» экспортының тәуекелдерін азайту мақсатында Аи-92, Аи-93 бензині мен дизель отынының бағасы нақтыланады.
Бұл ретте, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын Қазақстан Республикасында тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін ЖЖМ бағасы өзгеріссіз қалады.
«Қазіргі уақытта бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында жанар-жағармай құны ең төмен ел болып табылады, бұл мұнай өнімдерінің басқа елдерге ағындары мен «сұр» экспортының жоғары тәуекелдеріне әкеледі.»,- деп хабарланды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі қазіргі уақытта ЖЖМ қорларын өндіру, тиеу және толықтыру үздіксіз жүргізіліп жатқанын, ішкі нарықта мұнай өнімдерінің едәуір қоры бар екенін, ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты екенін айтты.