БастыДенсаулық

Қазақстанда қызылшамен ауырғандар көбейіп келеді

Елімізде ауа райымен қатар эпидахуал да тұрақсыз болып тұр. Елордада қызылшамен ауырғандар көбейіп барады, деп хабарлайды TuraNews.kz «Qazaqstan» телеарнасына сілтеме жасап.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің дерегінше, ауру белгілерімен 1650-ге жуық науқас тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар өте көп. Жұқтырғандардың 95 пайызы екпе алмаған. Қарашаның 6-сында басталған қызылшаға қарсы вакцина салу науқаны кезінде 2500-ден аса нәрестеге ата-аналары өз еркімен екпе салдырған.

«Қазіргі таңда біздің мектептердің арасында, балабақшаларда, жоғары оқу орындарында тіркеліп жатыр. Жалпы 66 балабақшада бүгінгі таңда тіркелді 106 жағдай. Мектеп оқушыларының арасында 52 жағдай расталған. 37 мектепте. Қазіргі таңда 18 мектеп шектеу барысында. Одан кейін 5 жоғары білім оқуларында қазіргі таңда 27 жағдай тіркелген» деді Жанна Пралиева, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

TuraNews

Back to top button