Денсаулық

Қазақстанда қызылшадан екі бала көз жұмды

Қазақстанда қызылшадан екі нәресте көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.
«Екі өлім оқиғасы Астанада және Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Олар – бір жасқа дейінгі балалар, яғни екпе жасына толмаған балалар», — деді Есмағамбетова сенат кулуарында
Оның айтуынша, тағы 15 баланың жағдайы ауыр.Ведомство мәлім еткендей, Қазақстанда қызылша жұқтырудың 26 815 дерегі тіркелген.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға қойғаны хабарланған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің желтоқсан айының басындағы мәліметі бойынша Қазақстанда қызылша жұқтыру жиілігі 100 мың адамға шаққанда 88,9-дан асқан. Қазан айының соңында бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 69 жағдайды құрады.

«Биыл Қазақстанда қызылша ауруы өршіп тұр. Ауру жұқтырғандар саны 13,3 мың адамнан асқан «пандемияға дейінгі» ауыр 2019 жылмен салыстырғанда, биыл дертке шалдыққан саны айтарлықтай көп», — деп жазылған хабарламада.

Аймақтар бойынша ауру жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші оңтүстікте – Шымкент қаласында (100 мың тұрғынға шаққанда 258,9) және Жамбыл облысында (194,8) тіркелді. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (100 мың адамға шаққанда 9,8) және Шығыс Қазақстан (12,8) облыстарында байқалды.
Source
Sputnik.kz

TuraNews

Back to top button