Қоғам

Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары және олар қанша жалақы алады

hh.kz онлайн платформа Қазақстанда және ТМД елдерінде жұмыс іздеу және персоналды іріктеу бойынша 2022 жылы олардың сайтында орналастырылған барлық бос жұмыс орындарына талдау жасады. Бір жыл ішінде жұмыс берушілер 300 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдау нәтижесіне сәйкес, бос жұмыс орындарының ішінде жалақысы 570 мың теңгеден асып кеткендердің саны 10%-ды құрады. Олардың 48% — ы сату менеджерлеріне арналған бос жұмыс орындары (алайда, ай сайынғы табыс әр түрлі болуы мүмкін, өйткені бұл әдетте пайыздар мен жоспардың орындалуына байланысты), 15% -әзірлеушілер мен бағдарламашыларға, 12% — құрылыс және жылжымайтын мүлік саласының мамандарына, 9% — топ-менеджменттерге, 7% — көлік қызметкерлері мен логистерге арналған.

Жұмыс берушілер мықты кандидаттарға миллиондап төлеуге дайын.

Бос жұмыс орындарының басым көпшілігі Алматыда – 46%. Одан әрі Астана (29%), Қарағанды (4%), Шымкент (3%) және Атырау (2,5%) қалаларында.

Кейбір жұмыс берушілер мықты кандидаттарға миллиондап төлеуге дайын.

2022 жылға арналған ең жоғарғы 5 ұсыныс:

1.Астанадағы алтын өндіруші холдингтің HR директоры – 3,5 миллионнан 4,1 миллион теңгеге дейін алады. Талап етілетін жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

2. Ақтөбедегі сату бөлімінің басшысы салығын алып тастағанда 500 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 3-6 жыл.

3. Астанада PHP жетекші әзірлеуші, салық төлегенге дейін 4400 доллардан бастап жалақы алады. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

4. Алматыда хирург-имплантолог дәрігердің жалақысы, қолына 1,5 млн-нан 3 млн-ға дейін жетеді. Қажетті жұмыс тәжірибесі 6 жылдан астам.

5. Алматыдағы элиталы жылжымайтын мүлік сату маманы қолға 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін. Қажетті жұмыс тәжірибесі 1-3 жыл.

TuraNews

Back to top button