Қоғам

Қазақстанда пойыз билетінің орташа бағасы қанша

Биыл Алматы-Қонаев және Қарағанды-Жезқазған арасында екі облысаралық темір жол бағыты ашылады. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп жазаlы TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сідтеме жасап.

«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қазір 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Облыстардың бөлінуіне байланысты, биыл қала маңындағы бағдардан 2 жаңа облысаралық бағыт құрылды (Алматы – Қонаев және Қарағанды – Жезқазған)», — деді М. Қарабаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Жалпы жолаушыларды тасымалдау республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұл шаралар халықтың барлық топтары үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазіргі таңда, поезд билеті бағасының орташа құны 8 мың теңгені құрайды. Жолаушылар вагонының паркінде 2567 вагон бар. Тасымалдауға сұраныс жоғары кезде 300 вагон тапшылығы байқалады. Биыл жолаушылар тасымалы үшін 162 жаңа вагон алынады. Негізгі өндіруші – Петропавл қаласында орналасқан отандық вагон шығару зауыты», — дейді Көлік министрі.

Бұған дейін Көлік министрі локомотив пен жүк көліктерін сатып алу жұмыстары туралы айтып берген еді.

TuraNews

Back to top button