БастыҚоғамЭкономика

Қазақстанда орташа айлық — 585 доллар: Жүз шақты елдің ішінде 61-орында

Әлемдегі қалалар мен мемлекеттердің деректерін бір базаға тоғыстырған Numbeo ресурсы қаңтар айындағы маңызды көрсеткіштердің рейтингісін жариялады,

Бұл рейтингтің ішінде орташа айлық пен өмір сапасы индекстері де бар. Numbeo орташа айлықты есептеген кезде одан алынатын салықты шегеріп тастаған.

Сонымен халықаралық ресурстың бағалауынша, Қазақстандағы орташа айлықтың көлемі — 585 доллар (бүгінгі бағаммен алғанда 262 мың 80 теңге — ред.).

Мұндай көрсеткішпен Қазақстан тізімге енген 97 елдің ішінде 61-орында тұр.

«Бұл көрсеткіштің ұлттық статистика бюросы есептеген орташа номиналды айлықтан айырмашылығы бар (350,5 мың теңге). Бірақ бұл шама орташа медианды айлықпен шамалас (230,9 мың теңге). Демек, Numbeo-ның деректері шындыққа ұқсайды», — деп жазады Finprom.kz.

Бұл рейтінгтің басында жалдамалы жұмыстағы азаматтарының салықты шегеріп тастағандағы орташа айлығы 6,6 мың доллар болатын Швейцария бастап тұр.

Салыстырсақ, Швейцарияның көрсеткіші Қазақстаннан 11 есе көп.

Numbeo 84 мемлекеттегі өмір сапасының индексін де есептеген.

Бұл көрсеткішті есептеу кезінде өмірді сақтандыру құны, қауіпсіздік деңгейі, денсаулық, экология, баспана бағасы сияқты көрсеткіштерді есепке алған.

Осылайша Қазақстандағы өмір сапасына 185,8 индексі берілген.

Бұл 84 елдің ішінде 73-орын деген сөз.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button