Денсаулық
Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді
Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн
Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды TuraNews.kz ақпараттық порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынып отыр.
Бетперде тағу режиміне көшу жұмыстары облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына жүктелді.