Биылғы жылдың 10 ақпанында еліміздің ғылыми қоғамдастығы мен экология және табиғи ресурстар саласындағы халықаралық сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес Қазақстанда киіктердің санын реттеу бойынша жұмыстарды уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.
Соңғы онжылдықтарда енгізілген қорғау және есепке алу жүйесі киік популяциясының айтарлықтай өсуіне әкелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, бұл киік түрінің саны 2003 жылғы 21 мың дарадан 2023 жылдың көктеміне қарай 1 миллион 915 мың дараға дейін өсті. Болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың аяғында киіктердің жалпы саны төлдеуді есепке алғанда 2,6 миллион болады. Орал популяциясы 1,5 миллионнан астам дараларды құрайды және 2025 жылдың соңына қарай жалпы киік саны 4,2 миллионнан асады деп болжанады.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдарымен әзірлеген киіктер популяциясын басқару жөніндегі биологиялық негіздемесіне сәйкес 2023 жылы Орал популяциясының төлдеу алдындағы 20%-на дейін, яғни 1 130 000 бастан – 226 000 бас және Бетпақдала популяциясының төлдеу алдындағы 15%-на дейін, яғни 745 300 бастан – 111 795 бас аулау қарастырылды және киік ресурстарын кәсіпшілік игеру тетіктерін аңықтау үшін шектеулі реттеуді «Охотзоопром ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынын мамандарымен эксперименттік негізде жүргізу ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, барлық реттеу кезеңінде табиғаттан алынған киіктердің жалпы саны 42 000 басты құрады.
Жоспарға сәйкес, келесі кезең 2024 жылдан 2026 жылға дейін бөкен популяциясын тұрақты пайдалану жүйесін дамыту болмақ. 2024 жылдан бастап киіктерге арналған әуесқойлық (спорттық) аулауды ашу мүмкіндігі қарастырылуда.
Айта кетейік, еліміздегі киік ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мүдделі мемлекеттік органдармен талқылануда.