Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жоғары температурада химиялық реакция арқылы қыздырылған түтін өкпені тікелей зақымдайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Министрлік биыл реттеушілік әсерге талдау жүргізуді жоспарлап отыр екен. Соның нәтижесі бойынша кальянның, кальянға арналған темекі мен кальян қоспаларының айналымына толық тыйым салуды заңнамаға енгізу мәселесі қаралады дейді.
Қазір қорқорды қоғамдық орындарда тартуға шектеу қойылған. Мәселен тыйым салынған орындарда қорқор тартуға 55 мың теңгеден бастап, 185 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Десе де соманың аздығы кәсіпкерлердің заңнан аттап өтуіне жол ашып жатыр.