БастыЭкономика

Қазақстанда жылдық инфляция 8,5%-ды құрады

Мамырда елде жылдық инфляция баяулап, 8,5%-ды құрады (сәуірде – 8,7%). 16 өңірде бәсеңдеген жылдық инфляция 1 өңірде жеделдеп, үшеуінде өзгеріссіз қалды.

Мамыр айының қортындысы бойынша елде жылдық инфляция қайтадан баяулап, 8,5%-ды құрады (сәуірде – 8,7%), деп хабарлайды ҚРҰБ баспасөз қызметі.

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды облысы мен Астана қаласында тіркелді.

Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 6,3%). Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Алматы қаласында (8,3%), минималды өсім Түркістан облысында (3,4%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6% болып, бұрынғы деңгейде сақталды (сәуірде – 7,6%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (14,2%), төменгі мән Алматы облысында (5,5%) тіркелді.

Мамырда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,9%-ға дейін жеделдеді (сәуірде – 13,5%). Сонымен қатар, Қарағанды облысында (18,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Мамырда ел бойынша айлық инфляция 0,4%-ға өсті, бұл – тарихи орташа мәннен төмен (2017-2021 жылдардағы мамырда – 0,5%).

TuraNews

Back to top button