БастыЭкономика

Қазақстанда екі жаңа банк құрылуы мүмкін

Қазақстанда екі жаңа банк құрылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Turanews.kz

«Қазір микроқаржы ұйымдары екінші деңгейлі банктер ретінде құрылуы мүмкін. Бізде екінші деңгейлі банк ретінде құрылуға талпынып отырған екі ірі микроқаржы ұйымы бар, олар – KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Олардың қомақты сомадағы портфелі бар. Капиталдарының жеткілікті деңгейі қазірдің өзінде банк ретінде тіркелуге мүмкіндік беріп отыр», – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол өткен жылы заңнамаға микроқаржы ұйымына лицензиядан бас тартпай конверсиялауға мүмкіндік беретін тиісті түзетулер қабылданғанын еске салды. Сонымен қатар агенттіктің жаңа банктер ашу талаптарын ырықтандыруға бағытталған банк жүйесі туралы заңнамаға бірқатар түзету дайындағанын айтты. Осы түзетулер қабылданғаннан кейін қазақстандық нарықта екінші деңгейлі банк ашқысы келетіндер көп болады деген үміт бар.

TuraNews

Back to top button