Денсаулық

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады

Қазақстанда бір жылда фармацевтикалық өнімдер бағасы 13,3 пайызға өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрі-дәрмектер Алматы (17,5 пайызға), Маңғыстау (17,1 пайызға), Ақтөбе (16,7 пайызға), Жетісу (16,2 пайызға) және Жамбыл (14,4 пайызға) облыстарында едәуір қымбаттаған, ең аз өсім — Қызылорда облысында (8,9 пайызға).

Energyprom

2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларға дәрі-дәрмек импортталды. Физикалық мәнде импорт 17,3 пайызға, ақшалай түрде 25,8 пайызға өсті.

ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Негізгі көлем Ресейге (4600 тонна, жыл ішінде минус 16,6 пайыз), одан кейін Беларусь пен Украинаға түсті.

ТМД елдерінен 900 миллион долларға 12500 тонна дәрі әкелінді. Бұл жеткізушілер ішінде Қытай көш бастап тұр (2600 тонна, жылдық өсім 2,1 есе), одан кейін Германия мен Үндістан.

Energyprom

 

 

TuraNews

Back to top button