Қоғам

Қазақстанда барлық бастауыш сыныптарды тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда барлық бастауыш сыныптарын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Turanews.kz.

Министрдін сөзінше, сапалы тамақпен қамтамасыз ету балалардың дамуында үлкен маңызға ие.

«Алдағы уақытта:

— Балаларды тамақпен камтамасыз ету нормаларын қайта қарау,
— Бастауыш сынып оқушыларын тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
— Асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр», — деді Бейсембаев министрлер коллегиясының отырысында.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2022 жылы 136 мың оқу орны бар 247 жаңа мектептің қолданысқа берілгенін атап өтті. 264 мектепте кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілген.

TuraNews

Back to top button