Басты

Қазақстанда 7 облыста жол жабық

Сағат 8:45-тегі мәліметтерге сәйкес, ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдардың 32 учаскесі жабық күйінде қалып отыр, бұл туралы Turanews.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық оператор таратқан ақпаратқа қарағанда, республикалық маңызы бар автожолдарда қар тазалау жұмыстары жүргізілуде және жұмыстарға 500 бірлік арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылды.

Трассалар Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында жолдар жабық.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды, ШҚО және Абай облыстарының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аса күрделі жағдай қалыптасты. Өткен тәулікте бұл өңірлерде қар құрсауынан 200-ге жуық көлік шығарылып, 346 адам құтқарылды.

TuraNews

Back to top button