
Елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды TuraNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазгидромет баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, 11-13 қаңтарда еліміздің солтүстік аймақтарында жел соғып, қар борайды. Ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашынды ауа райы күтіледі.
Батыс пен солтүстікте түнде 20-32 градусқа дейін аяз болжанып отыр. Ауа температурасының құбылмалы болуына байланысты көктайғақ болады.