БастыСаясатТехнология

Қазақстанда 20 қала 5G интернет желісімен қамтылды

«Digital Almaty» форумының пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдегі интернеттің сапасын жақсарту мәселесін қозғады.

Үкімет басшысы былтыр Қазақстанда «қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабылданғанын жеткізді.

«Еліміздің 20 қаласына 5G интернет желісі іске қосылды. Оны қазір 2 млн астам адам пайдаланады. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының басты ерекшелігі — 2027 жылға дейін елімізді 100 пайыз қамту. Сондай-ақ биыл екі мың шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеміз. Келесі жылы 8 млн астам адамды 5G интернет желісін қолданатын болады»,- деді Әлихан Смайылов.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі — «Цифрлық Жібек жолы».

«Қазақстан цифрлық әлемде жаңа Жібек жолының негізгі қатысушысы болуға ұмтылуда. Көршілерімізбен бірге біз Каспий түбіндегі талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы Парсы шығанағы елдеріне оптикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету нұсқаларын қарастырып жатырмыз»,- деп атап өтті Үкімет басшысы.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button