Экономика

Қазақстанда 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 571 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды TuraNews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 527 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 732 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 6 322 және 727 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 956 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 307 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 424 жұмыс беруші бар. Оларда 474,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 986  адам (34%), ауыл, орман және балық шаруашылығы 1 867 адам (12,7%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу1 359 адам (9,3%), өңдеу өнеркәсібі 1 219 адам (8,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет907 адам (6%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай3 771 адам (26,2%), Өзбекстан2 002 адам (13,3%), Түркия1 370 адам (9,2%). Үндістан1 363 адам (9,4%),

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

TuraNews

Back to top button